Петрдың «үш жолағы»

Петрдың «үш жолағы»

ашық дереккөзі

 width=
Ресейдің қазіргі үш жолақты туы бірінші Петрдің туындысы. Бұл туы 1699 жылдан бері Ресейдің елдік байрағына айналды.
Бірінші Петрдың Еуропаны көп аралағанын, сол арқылы Ресей империясына жаңа реформалар жүргізгені тарихтан белгілі. Бүгінде ресейліктердің кейбірі бұны сөгіп, боярлардың сақалын қырды, халықты қырғынға ұшыратты десе, кейбірі бұл реформалар Ресей империясына күш қосты, алып ел етті дейді. Бірінші Петрдің реформалары жайлы дау көп Ресейде. Бір-ақ, ол енгізген ту жайлы ешқашан дау болған емес.
Бірінші Петр бұл туды Нидерландының туынан бір-екі элементін өзгертіп, көшіріп алған. Амстердамда тұрғанда сауда флотын көрген де, сол жерде өз елінің кеме флотына арнап, ел ішінде«Петрдың үш жолағы» атанған тудың эскизін жасаған. Әуелде флоттың ғана байрағы болған бұл ту, кейін тұтас елдің мемлекеттік рәмізіне айналды.
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ
Дереккөз:  Arqa Aqshamy

Жүктелуде...