weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үйін сағынып, әскерден қашып кеткен

Үйін сағынып, әскерден қашып кеткен

Үйін сағынып, әскерден қашып кеткен
ашық дереккөзі
 width= Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі сағат 3:00 шамасында қолға түсті. Оны әскери полиция қызметкерлері Сарыөзек стансасынан тапқан.
«Қашып кеткен азамат үйін сағынғандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір Мырзабаев Отан алдында борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соған сәйкес тиісті тәртіптік шара қолданылатын болады» делінген Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі тартқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан 5574 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев қашып кетті. Оны әскердің жеке құрамы іздеп, қолға түсірді. Айта кетейік, Д. Мырзабаев Шығыс Қазақстанның Жарма ауданынан әскерге шақырылған болатын.