weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері сотталды

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері сотталды

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері сотталды
ашық дереккөзі
 width= Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкері алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды.  Сот 2019 жылғы шілдеде Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері ЖШС иесін салықтар мен өсімпұлдарды азайту мәселесін реттеу үшін пара беруге итермелегенін және оның 60 миллион теңге сомасындағы ақшасын иемденгенін анықтаған.
"М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгерлер айғағы, тергеу, жедел-іздестіру шаралары хаттамасымен, сот сараптама қорытындысымен расталады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұл ауыр қылмыс. ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігінің санкциясы - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бұл аса ауыр қылмыс. Сот шешімімен жаза тағайындау кезінде қызметкердің қабылдаған анттын бұзғаны ауырлататын жағдай деп танылды. Осыны ескере отырып, айыпталушы ең жоғары қауіпсіздік (қатаң режим - ескерт.) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға тағайындалды",- делінген сот хабарламасында.