Бұл – әйгілі поляк композиторы Фридерик Шопеннің туындысы. Ол алғашқы шығармасы G moll полонезін небәрі 6 жасында жазған екен. Көзі ашық, білімді болған ата-анасы болашақ композитордың қабілет-қарымын ерте байқап, қолдау білдіріпті. Шопен 8 жасында қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған концертте өнер көрсетіп, сахнаға ерте шыққан. Жас дарынның бірте-бірте аты шығып, ақсүйектер үйінде өткен салтанатты кештерге арнайы шақырту алған. Ал ержеткен соң, Еуропаны аралап, гастрольдік сапарларға шыққан. Бұл туралы
Newsroom+ақпарат агенттігі
«Еуразия» бірінші
арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ал бұл өнерпаз венгр композиторы Ференц Листтің туындысын орындап отыр. Ференц те бала кезінен бастап көзге түскен. Музыкант болған әкесінің тәрбиесінің арқасында ол атақты композиторлардан білім алды. Сөйтіп, 11 жасында «Диабелли вальсіне түрлендірулер» деген тұңғыш еңбегі дүниеге келді. Ал 13 жасында, яғни, 1825 жылы «Дон Санчо немесе махаббат қамалы» атты операсы Париж театрында қойылып, көпшілікті таңғалдырды.
XVIII ғасырда өмір сүрген австриялық композитор Во́льфганг Амадéй Мо́царттың шығармаларын да бүкіл дүние жүзі халықтары әлі күнге дейін сүйіп тыңдайды.
Музыканттар отбасында туған Моцарт 4 жасынан бастап бірнеше аспапта ойнауды үйренген. Дарынды ұл 6 жасында бірнеше елде концертін өткізіп үлгеріпті. Ал 7 жасында, яғни 1764 жылы оның скрипка мен клавесинаға арналған алғашқы сонаталары шықты.
Тағы бір дарынды өнерпаз – Ио Ио Ма. Ол – «Гремми» сыйлығын 18 рет иеленген. Әкесі – оркестр дирижері, ал анасы әнші болыпты. Ұлты қытай Ио Ио Ма 1955 жылы Парижде туып, 5 жасынан бастап үлкен концерттерде өнер көрсеткен. 7 жасында отбасымен бірге Нью-Йоркке көшіп, Америка президенті Джон Кеннедидің алдында өнерін паш еткен.
https://www.instagram.com/p/CO1vSwslsbZ/