Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Карантин кезінде салонға барған тележүргізуші айыппұл төледі

Карантин кезінде салонға барған тележүргізуші айыппұл төледі

Карантин кезінде салонға барған тележүргізуші айыппұл төледі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасарының әйелі карантин кезінде шаштаразға барғаны үшін айыппұл төлеген. Танымал жүргізуші, актриса Нұрбигүл Егізова бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Еске сала кетсек, 3 мамыр күні елорданың біріндегі шаштаразға барған Нұрбигүл Егізованың басы дауға қалған болатын. Желі қолданушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің жары карантин кезінде шашын ретке келтіргені үшін киліккен. "3 мамыр күні мастерім салонға шақырған болатын. Жаман ойым жоқ шашымды барып боятып келгем. Тек ашылар күннен бір күн алдын бардым. Соны сторизге қойсам, бір апай ұзақ әңгімелер жазыпты. Қатаң заң алдында жауапқа тартылсын деп. Сол тек бір күн алдын салонға бара қойыппын. Соған айыппұл төледім,-" деп болған оқиға туралы түсіндірме жазған. "Өз басым ешқашан да кішкентай бөпесі бар, оның үстіне аяғы ауыр келіншекті еш ренжітпеуге тырысар едім. Мен елімнің намысын таптап, қорлайтын дүние жасамадым. Ішіп, шегіп, денемді ашып жүрмедім. Қатты ренжітті. Жылатты. Енді менің постымды аңдып отырғандардың көңілі орнына түскен болар. Ал сіздердің жүректеріңізге кеңдік берсін",-деп жазыпты. Еске сала кетсек, Алтынбек Қайсағалиев бұған дейін Орал қаласының әкімінің орынбасары қызметінде болған. Былтыр ғана елордадағы әкім орынбасары қызметіне кіріскен.