Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

АҚШ дәрігерлері 12-15 жас аралығындағы балаларға вакцина салып жатыр

АҚШ дәрігерлері 12-15 жас аралығындағы балаларға вакцина салып жатыр

АҚШ дәрігерлері 12-15 жас аралығындағы балаларға вакцина салып жатыр
ашық дереккөзі
 width= АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 12-15 жас аралығындағы жеткіншіктер вакцина ала бастады. Осының алдында құзырлы органдар «Пфайзер-Байонтек» екпесін жасөспірімдерге қолдануға рұқсат берген болатын. Президент Джо Байден штаттарды жеткіншектерге препарат егу науқанын тезірек бастауға асықтырып отыр. Сондай-ақ Ақ үй басшысы вакцинаның тым құрығанда бірінші дозасын американдықтардың 59 проценті салдырғанын мәлімдеді. Ал АҚШ-тың Тәуелсіздік күні тойланатын 4 шілдеде егілген тұрғындар қатары 70 процентке жетуі тиіс.
Джо Байден, АҚШ Президенті Індеттерді бақылау және алдын алу орталығы бірнеше сағат бұрын толық вакцина салдырған адамдарға іште де, сыртта да бетперде киюдің қажет емес екенін хабарлады. Бұл үлкен бетбұрыс, ұлы күн деп ойлаймын. Мұндай толағай табысқа тез арада вакцина салдырған тұрғындардың арқасында жетіп отырмыз. Екпе алған американдықтар бізді бүкіл әлем алдында ерекшелейтін қылығымызды жасай алады, яғни тісін ақситып күле алады.