weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда ер адам анасын ұрған

Атырауда ер адам анасын ұрған

Атырауда ер адам  анасын ұрған
ашық дереккөзі
 width= Атырауда ер адам анасын ұрып, он күнге  қамалды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 46 жастағы ер адам ішкілікке салынған.
Егде жастағы әйелден «102» операторына баласының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғаны туралы хабар түсті. Ішкілікке салынған ер адам үйінің терезесін сындырып, анасын ұрып-соққан. Ер адам ішімдік ішуін тоқтатпаған. Егде жастағы анасымен бірнеше рет жанжалдасқан. Анасына психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Учаскелік полиция инспекторы анасын ұрған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігімен (Ұрып соғу) әкімшілік хаттама толтырған. Мамандандырылған қалалық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.