Қайырымдылық– қайырлы іс

Қайырымдылық– қайырлы іс

ашық дереккөзі

 width= Қайырымдылық – мұсылман баласының ең басты парызының бірі болып саналатындығы анық. Міне, осы басты парызды естерінен шығармаған Ағашорын ауылдық округінің имамы Амантай қажы Кәкімовтың ұйымдастыруымен, ауылдың қалталы азаматтарының демеушілігімен Ағашорын және Ұзынсу ауылындағы көпбалалы, сонымен қатар тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына арналған қайырымдылық іс – шарасы қасиетті Рамазан айының соңғы күні, яғнимамыр айының 12 жұлдызы күні өтті.   width= Шара басында Амантай қажы тұрғындарды Рамазан айымен және келіп жеткен Ораза айт мерекесімен құттықтауды есінен шығармай, 26 отбасына азық – түлік салынған қоржындарды тарту етті. Одан әрі көп балалы отбасылар киім – кешек түрлеріне де ие болды.  Ауылдастар осындай қайрымдылық іс – шарасын өткізген ауыл имамына ризашылықтарын білдірсе, Амантай қажы үлкен қолдау көмектерін аямаған ауылдың атқа мінер ел азаматтарына зор ықыласын жеткізді.

Ақылбек ҚЫЗКЕНОВ

 

Жүктелуде...