Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және қауіпсіздік органдарының, сондай-ақ, қарулы күштер сапында жүрген бірнеше қызметкерге жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын берді. Қаулының мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланған.
ҚР Президентінің қаулысымен генерал-лейтенант әскери атағы: Бектанов Мұрат Кәрібайұлына,
Дәндібаев Тимур Тұрарұлына,
Ділманов Дархан Айтқалиұлына,
Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлына,
Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлына; әділет генерал-лейтенанты әскери атағы Сартаев Дастан Шаймерденұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына; 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Асылов Берік Ноғайұлына; генерал-майор әскери атағы: Жазин Серік Кенжетайұлына,
Жоламанов Асқар Ахметұлына,
Жүсіпов Асан Қуанышұлына,
Ильин Юрий Викторовичке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Әмірханов Асқар Баймерденұлына,
Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына,
Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына,
Калайчиди Алексей Дмитриевичке,
Сәденов Ержан Сапарбекұлына,
Таймерденов Қанат Даниярұлына; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына,
Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына; 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Бектенов Олжас Абайұлына,
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына берілді.