2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек "Рухани мұра" ("Духовное наследие") өңірлік қоғамдық қорының жетекшісі Леонид Полежаевпен ізеттілік кездесті. Бұл туралы
Newsroom+ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы
консулдығына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында COVID-19 пандемиясына байланысты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Леонид Константинович Полежаев - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Омбы облысының экс-губернаторы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері.