Қазақстандықтар жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде рәсімдей алады деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, енді жұмыс берушілер қажетті мәліметті электрондық еңбек биржасының порталы арқылы беруге тиіс. Осылайша жүктілігіне байланысты демалысқа шығатын әйелдер халыққа қызмет көрсету орталығында құжат тапсырмайды.
Осы жылдың мамырынан бастап электрондық еңбек биржасында Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады", - делінген министрліктің хабарламасында.
Ол үшін жұмыс беруші жұмыскердің демалысқа шығу фактісін электрондық еңбек биржа порталындағы жеке кабинетте тіркеуі керек.