Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Лидия Қаденова: Біз үйленгенде күйеуім ажырасқан еді

Лидия Қаденова: Біз үйленгенде күйеуім ажырасқан еді

Лидия Қаденова: Біз үйленгенде күйеуім ажырасқан еді
ашық дереккөзі
 width= Атақты актриса Лидия Қаденова «Еуразия» бірінші арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасында жеке өміріндегі сырларымен бөлісті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Сахнадағы сан түрлі кейіпкерлері мен шынайы өмірдегі тағдырының көбіне ұқсас болғандығын айтты. Театрдағы комедия, драма, трагедия жанрларының болуы заңдылық болса, қайраткердің тағдырында да осы сезімдер толық көрініс тапты. Ол өміріндегі басты трагедияны былай есіне алды...
Мен сахнаға шығар алдында күйеуімнің қайтыс болғандығы туралы хабар алдым. Кейін естіп жатырмын ол телеграмманы, біреулер әдейі сол сәтте жеткізген болуы мүмкін екен. Бірақ қойылымды тоқтату мүмкін емес еді. Қаншама билеттер сатылып кеткен болатын. Комедия рөлімді тоқтаусыз жылап ойнап шықтым. Қойылым аяқталғаннан кейін көрермен мені түсінбей кетті. Күйеуімнің қатты ауырып жатқанын білсем де, одан айырылу маған оңай болған жоқ».
Лидия Қаденова күйеуімен танысқан кезде ол ажырасқандығын ашып айтқан. Күйеуінің қызметте жүргенде айналасында достарының көп болып, кейін көмекке мұқтаж сәтінде сол қалың достың бірде-біреуінің қасынан табылмағандығын әлі күнге кешіре алмайтындығын айтты.  
Мен күйеуімнің достарына әлі күнге өкпелімін. Себебі қызметтен айырылып, жұмыссыз қалған кезде бірде-бір досы қолдан келе тұра көмектеспеді. Ер азаматтың үйде отырып, әйел адамның қолына қарап қалуы қаншалықты ауыр екендігін өздеріңіз ойлап көріңіздерші. Содан ол қатты ауырып қалды. Іштей күйіп кетті, қайта көтеріле алмады», - деп актриса көз жасына ерік берді. 
https://www.youtube.com/watch?v=1KA-hPpu-5g