Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Вакцинадан кейін» қайтыс болды делінген дәрігердің өлімі: министрлік мән-жайды айтты

"Вакцинадан кейін" қайтыс болды делінген дәрігердің өлімі: министрлік мән-жайды айтты

«Вакцинадан кейін» қайтыс болды делінген дәрігердің өлімі: министрлік мән-жайды айтты
ашық дереккөзі
 width= Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң екінші күні қайтыс болған алматылық медқызметкердің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді.  Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп эпидемиологиялық тергеу жүргізді.
"Тергеу барысында пациент Ресейде әзірленген және Қарағандыда өндірілген "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін салдырғаны анықталды. Әйелде жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы болған, ол тіркелген жері бойынша диспансерлік есепте тұрған", - деп хабарлады комитет өкілдері ресми сауалға жауапта.
Өлім себебін анықтау үшін Алматы және Алматы облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттері пациент жүрген медициналық ұйымдарды жоспардан тыс тексеріп шықты. Вакцинаның осы партиясын салдырған басқа пациенттердің жағдайы нашарламағаны белгілі болды.
Сондай-ақ, сауалға жауапта COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін ел бойынша өлім-жітім тіркелмегені хабарланды.