Қазақ қызы Грузияда қаза тапты: СІМ не дейді?
Қазақ қызы Грузияда қаза тапты: СІМ не дейді?

ҚР СІМ телеграм каналы таратқан мәлімет бойынша, отандасымыз 9 қабаттан құлап мерт болған. Грузияның полициясы суицидке жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған. Полиция оны қамауға алыпты. Басқа ақпарат тергеу мүдделері үшін жария етілмейді – дейді аталған хабарламада.Грузиядағы Қазақстан консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс Елшіліктің ерекше бақылауына алыныпты. Қазақтанның Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматының денесін отанға жеткізуді ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсетуде.