Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Көпірден секірген әйелді құтқарған әскери қызметші медальмен марапатталды

Көпірден секірген әйелді құтқарған әскери қызметші медальмен марапатталды

Көпірден секірген әйелді құтқарған әскери қызметші медальмен марапатталды
ашық дереккөзі
 width= Көпірден секірген әйелді құтқарған ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің әскери қызметшісі, аға сержант Асқар Нұрғалиев «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.   «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысы атынан Ұлттық ұлан қызметкеріне награданы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев салтанатты жағдайда табыс етті. «Өз іс-әрекетімді ерлік деп есептемеймін. Менің орнымда болған кез келген адам солай етер еді. Сол сәтте қалай жүзіп барғаным да есімде жоқ, бар ойым әйелді құтқару еді. Оның үстінде қалың күрте болды. Қатты ағыспен алыса отырып, жағаға алып шықтым», деп еске алады Асқар Нұрғалиев. Бұл оқиға өткен жылы 26 қазан күні болған еді. А.Нұрғалиев Шаған өзеніндегі көпірден секірген әйелді құтқарып қалған болатын. Еске сала кетейік, бұдан бұрын көпірден секірген әйелді құтқарған әскери қызметшіні БҚО әкімі қабылдағанын жазған болатынбыз.