42 жастағы алматылық вакцинаның ІІ компонентін алған соң қайтыс болған

42 жастағы алматылық вакцинаның ІІ компонентін алған соң қайтыс болған

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазиннің вакцина алғаннан кейін қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады. Осы жағдайға қатысты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап. Азамат Б.Нұртазин 1979 жылы туған. 12 сәуірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін емханаға жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған.

«21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған», - делінген басқарманың хабарламасында.
Алдын ала болжамға сәйкес, марқұм жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қазір өлім себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды.
«Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады», - деді басқармадағылар.

Жүктелуде...