Қазақстанның аумақтық тұтастығы туралы арандатушы сөздерді айтқан ресей депутаттары өздеріне назар аудартуды мақсат етіп отыр. Осылай Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Қазақстанға қатысты айтылған арандатушы сөздерге қатысты
түсініктеме берді. «Ресейдің Қазақстанға қатысты саясатын айқындайтындар қатарынан мұндай сөздер айтылмады және болашақта да айтылмайды» , - деді Лавров «Хабар» агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге берген эксклюзивті сұхбатында.
«Саясаткерлер өз мансабын әрқалай құрады. Даулы сөз қуатын саясаткерлер де жоқ емес. Даулы болып көрінетін мәселелерді ортаға салғанды ұнататын саясаткерлер де бар. Олар өздеріне назар аудартуды мақсат етеді. «Жақсы немесе жаман жазғаны бәрібір, бастысы – жазса болғаны» деген сөз бар ғой, содан болар. Қазақстанға қатысты Ресей Федерациясының саясатын айқындайтын тұлғалар екі ел арасындағы келісімдердің қайсыбіріне шүбә келтіретін ешқандай сөз айтпады және айтпайды да. Аталған келісімдер бір-біріміздің егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды, саяси тәуелсіздігімізді сыйлауға негізделген. Біз екі ел басшыларымен келісіліп, қол қойылған, парламент рұқсат еткен, заң, халықаралық құқықтың бөлігі саналатын құжаттар негізінде одақтастықты дамытудамыз.
Саясаткерлердің, жаңа парламентарийлердің күмәнді, кейде арандатушы сөздері демократиялық өмірдің айналып өте алмайтын бөлігі деп ойлаймын. Біздің халқымыздың қарым-қатынасына сызат түсіретін осындай сөздер пікірталас клубтарынан аспаса болғаны. Біздің қарым-қатынасымыздың халықаралық-құқықтық базасын бұзатын мұндай сөздердің ешқашан шынайы саясат маңында тұрмайтынына кепіл бола аламын», - деп қорытты Сергей Лавров.