Әлеуметтік желіде беті мен аяқ-қолында көптеген жарақаты бар
өзбекстандық әжейдің видеосы тарап кетті. Бұл жайтқа қатысты Ташкент қалалық ішкі істер департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды
centralasia.media. Полиция мәліметіне сүйенсек, соққыға жығылған әжей туралы ақпарат медициналық мекемеден түскен. Ауруханаға 26 сәуір күні 1934 жылы туған Тоза Г. есімді зардап шегушіні 1983 жылы туған немересі жеткізген екен.
Әжейдің сөзінше, ол 1964 жылы туған қызы мен 1989 жылы туған немересінен үнемі қорлық көріп келген. Аталған факті бойынша Мирзо-Ұлықбек ауданының ІІБ тергеу бөлімі Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі “в” тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жұмыстарының аясында зардап шегуші атаған тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғы, оқиғаның мән-жайы анықталмақ.
https://www.youtube.com/watch?v=0B7mxUE39eg