Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жоғары лауазымды шенеунік емеспін": Жасөспірімді қағып кеткен жүргізушінің әкесі мәлімдеме жасады

Жоғары лауазымды шенеунік емеспін": Жасөспірімді қағып кеткен жүргізушінің әкесі мәлімдеме жасады

Жоғары лауазымды шенеунік емеспін": Жасөспірімді қағып кеткен жүргізушінің әкесі мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
 width= Елордада шенеуніктің ұлы жасөспірімді қағып кеткен. Жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 17 жастағы бала зардап шекті.  Бұл туралы бүгін оқиға куәгері Сара Берсан өзінің Фезбук парақшасында жазды.  Оның айтуынша, көлік жүргізушісі дым болмағандай, әрі қарай өз тірлігімен кете барған.  Оқиға Түркістан көшесі бойындағы мынау мен жүріп келе жатқан жаяу жүргіншілер жолағында  түскі сағат үштер шамасында болған. Тайота маркалы көлікті тізгіндеген азамат 17 жастағы баланы қағып кеткен. Алайда куәгерлердің айтуынша, жүргізуші оқыс оқиғадан соң түк болмағандай кете барыпты. Куәгелердің айтуынша, жүргізуші көлікті тоқтатпай, сол маңдағы фитнес-орталықтың алдына дейін барған.  Куәгерлерге немқұрайлы қарап, теріс мінез танытыпты.  Куәгер Сара Берсан бұл іске немқұрайлы қарауға болмайды дейді. Сара БЕРСАН, КУӘГЕР: Бала көліктің алдыңғы жағына барып ұрылып, жерге құлады. Ал ең сұмдығы көлік тіпті тоқтаған да жоқ. Небәрі 17 жастағы бала ғой.  Өзі қиналып тұрса да "әжеме айтпаңыздаршы" деп бізден өтініп жатыр.  Бала қорқып қалған, сасқаннан кешірім де сұрап жүр. Ал жүргізуші кетті,ештеңеге қарамай. Бірден жедел-жәрдемге хабарласып, баланың жағдайын сұрап жатса түсінер едім.   Куәгер Сара Берсан кейіннен жүргізушінің әкесі шенді азамат екенін анықтапты. Қымбат көлік мінген жас жігіттің әкесі -Қаржы министрлігінің кірістер комитетінде акциздерді әкімшілендіру басқармасына жетекшілік етеді дейді. Алайда, ол болған іске ұлының  өзі жауапты екенін айтып отыр.
Дамир БАҚЫТҰЛЫ, ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Мен тек қаржы министрлігінің бөлім басшысымын. Мен жоғары лауызымды шенеунік емеспін. Сондықтан да алдын-ала қортынды шығару ерте. Ұлыммен болған жағдайды құқық қорғау органдары шешеді. Оған мен араласа алмаймын.Біз қарсы тараптан арыз болмаса да кешірім сұрадық.Менің қызметімнің болған іске қатысы жоқ дегім келеді. Нұр-Сұлтан қалалық полиция депаратменті жол-оқиғасының болғанын растады.
Эльмира ШАУЛЕНОВА, Нұр-Сұлтан қалалық пд баспасөз қызметінің жетекшісі Алған жарақаттарының ауырлық дәрежесі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталатын болады. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.  21 жастағы жүргізушінің көлігі   коммуналдық тұраққа жеткізілді.