ШҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен

ШҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен

ашық дереккөзі

 width= Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында мас күйде рульге отырған ер адам жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен,деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Көкпекті ауданындағы «Көкпекті-Васильев өткелі» жолында болған. Мас күйде көлік тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, сол жерден із суытқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы азамат аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына жеткізді. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.  

Жүктелуде...