weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ирактың денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті

Ирактың денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті

Ирактың денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті
ашық дереккөзі
 width= Ирактың денсаулық сақтау министрі Хасан ат-Тамими Бағдад қаласындағы ауруханада болған өрттен кейін отставкаға кетті. Оның қызметінен кету туралы өтінішін ел премьер-мнистрі қабылдады. Естеріңізге салайық, ауруханадағы өрт сәуірдің 24-і болды. Алдын ала болжам бойынша өртке оттегі баллонының жарылуы себеп болған. Қызыл жалын көзді ашып-жұмғанша ғимараттың екі қабатын да шарпыған. Қайғылы оқиғадан 80 науқас көз жұмды. Құтқарушылар тағы 200 адамды өлім аузынан аман алып қалды. Тергеу барысында аурухананың өртке қарсы жүйемен жабдықталмағаны белгілі болды. Оған қоса ғимараттың ішкі қабаты тез тұтанатын материалмен қапталған екен. Оқиғадан кейін аурухананың бас дәрігері мен қауіпсіздік қызметінің басшысы қамауға алынды.