
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м.а. болып бастаған.
2004-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.
2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.
2014-2016 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры.
2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.