Академияда Ғалымдар кеңесінің отырысы өтті

Академияда Ғалымдар кеңесінің отырысы өтті

ашық дереккөзі

 width= 2021ж. 30 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы жанындағы Ғалымдар кеңесі өтті. Кеңестің құрамына республикаға белгілі 25 ғалым кірді. Олардың 11-і академик, 14-і профессор.  width= Ғалымдар құрамында білім саласының барлық ғылыми бағыттар бойынша мамандар қамтылған: педагогика, психология, тәрбие саласы, инклюзивті білім беру, көп тілде білім беру, орта білім, мектепке дейінгі білім беру, шағын жинақты мектептер тағы басқалар. Ғалымдар кеңесінің отырысында «Қазақстан Республикасы Ұлттық білім доктринасының» жобасы және «Академияның 2021-2023 жж. арналған даму стратегиясының» жобасы қарастырылды. Талқылау барысында ғалымдар өздерінің оң пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Күн  тәртібінде белгіленген барлық мәселелер ғалымдардың тарапынан қолдау тауып, мақұлданды.  width=

Жүктелуде...