
Жақында Ресей басылымдары Wildberries онлайн-дүкенінің иесі Татьяна Бакальчукты Ресейдің ең бай әйелі деп атады. Ол бұл позициядағы Елена Батуринаны (Мәскеудің бұрынғы мэрі Ю.Лужковтың әйелі) ысырып қана қоймай, бірнеше көш кейін тастапты. Бір жылдың ішінде Бакальчук байлығын 1200%-ға, 1 млрд-тан 13 млрд долларға дейін көбейткен.
Бар мәселе карантин кезіндегі онлайн-дүкенінің бұрын-соңды болмаған сауда жасауында дейді сарапшылар. Тек бұл ханымның бизнесі Қазақстанның экономикасына зиянын тигізбесе дейсің. Оған дәл қазір тоқталайық.
Ресейлік Wildberries соңғы кезде Қазақстан нарығына дендеп енді. Aliexpress-тің өзі біздің нарықты Wildberries компаниясымен бөлісуге мәжбүр. Оның бір құпиясы – Aliexpress сауда жасағанда теңге мен АҚШ долларының бағамымен есеп айырысса, Wildberries сауда жасағанда ресейлік рубльдің теңгеге қатысты бағамымен есептейді. Сөйтіп салыстырмалы түрде алғанда оның тауарлары арзандау шығады.
Ришат Асқарбекұлы

Дереккөз: Azattyq Ryhy