Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР ІІМ қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқандығы туралы хабарлама таратылуда. Бұл – фейк. Бұл «жаңалықтың» түпнұсқасы Instagram-дағы Qaznews24 сатиралық паблигінен алынған. Бұл аккаунттың профилінде барлық жарияланымдардың шынайы емес, тек көңіл көтеру мақсатында ойлап табылатындығы және шындыққа еш қатысы жоқ деп жазылған.
Инстаграм қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта ІІМ көші-қонға қатысты 23 келісімге қол қойды, оның 15-і реадмиссия туралы, 5-і көші-қон саласында және 3-і болу тәртібі туралы. ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, «Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар», – делінген ведомство жауабында.