
Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады. Елорда әкімдігі осыған арнап үздік эскиз-идеясына байқау жариялады, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
елорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр.
Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Батырхан Шүкенов - қазақстандық әнші-композитор. 1962 жылы 18 мамырда Қызылорда облысында туған. Ол 2015 жылдың 28 сәуірінде жүрек талмасынан қайтыс болды.