Павлодардың "ұмытшақ" тұрғынын қарақшы деп қабылдаған

Павлодардың "ұмытшақ" тұрғынын қарақшы деп қабылдаған

ашық дереккөзі

 width= Әйел кілтін ұмытып кетіп, екінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы көтерілуге мәжбүр болды. Қырағы көршілері полиция шақырды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Сағат 23.10-да Павлодар қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, үйдің сыртқы жағынан екінші қабатта орналасқан көрші пәтерге ұры кіріп жатқанын хабарлады. Аталмыш мекенжай бойынша келген полицейлер күдікті адамды таппаған. Содан кейін олар аталмыш пәтерге қоңырау шалған үй иесі оларға есікті ашып,  полиция қызметкерін көргенде таңғалған. Пәтер иесі оған ешқандай ұры кірмегенін кірер  есіктің кілтін үйінде ұмытып кетіп өзі  пәтерге балкон арқылы кіргенін айтты. Сондай-ақ, қала тұрғыны көршілерінен қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрап, оларға ұқыптылық пен қырағылық танытқаны үшін алғыс айтты. "Көп жағдайда  оқиғалардың алдын алуға, қылмыскерді анықтауға немесе жоғалған адамды табуға көмектесетін көршілердің қырағылығы", — деп атап өтті департамент.

Жүктелуде...