
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының тұрғыны өзінің төрт айлық сәбиін өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
АқЖайық басылымына сілтеме беріп.
Басылымның айтуынша, күдікті әйел бірнеше рет нәрестені қатты жылағаны үшін ас үй пышағымен пышақтаған.
Нәрестенің өлімін облыстық полиция растады.
Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы "Дәрменсіз күйде екенін біле отыра, тұлғаны өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады полициядан.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.