Қызылордада 6 жасар бала жоғалып кеткен

Қызылордада 6 жасар бала жоғалып кеткен

ашық дереккөзі

 width= Қызылорда қаласында жоғалған бала іздестірілуде, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Polisia.kz.-ке сілтеме жасап. 27 сәуір кешкі сағат 19:35 шамасында Қызылорда қаласы Титов қыстағында​ кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Бахыт Альтаирдың жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ата-анасының айтуынша, алты жастағы​ бала 27 сәуір сағат 10:00 шамасында үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланың ата-анасы полицияға тоғыз сағаттан кейін ғана хабар берген. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Полиция департаментінің,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.​ Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты​ шатырлары, өжірелер, ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, қалың жоталар, бейіттер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде. Сонымен қатар,​ баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жүктелуде...