
28 сәуір күні таңертең хабар-ошарсыз жоғалған "Қазақстан аруы – 2019" және "Қызылорда аруы – 2017" сұлулық байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазина табылды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Оның құрбысының арызы кеше түнде Алатау аудандық полиция басқармасына келіп түскен.
Анықталғандай, қыз бір күн бұрын ешкімге ескертпей Тараз қаласына кеткен. Ол байланысқа шықты. тірі, аман-есен, - делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.