Сауда және интеграция министрлігі басшысының атына Қуат Тұмабаевты Экспортты қолдау департаментінің директоры қызметінен босату туралы хат жолданды.
Бұл туралы Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
2018 жылдың сәуірінде Риддер қаласында 18 жасар жаяу жүргіншінің өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына Қуат Тұмабаевтың қатысы бар екені айтылған. Яғни ол бозбаланы қаққан жүргізушінің жанында отырып, кейін басқа көлікпен кетіп қалған. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оның мұндай жоғары лауазымға лайық еместігін айтып, қызметінен босатқан еді.
Жақында оның Сауда және интеграция министрлігі Экспортты қолдау департаментінің директоры болып тағайындалуы «Nur Otan» партиясы мүшесінің этика кодексіне және Саяси тұғырнама құндылықтарына қайшы келеді.
Соған байланысты партиялық бақылау елордалық комиссиясының кеңесі бойынша Қуат Тұмабаев партияның беделін түсіргені үшін оның қатарынан шығарылды.Сауда және интеграция министрлігі басшысының атына Қуат Тұмабаевты Экспортты қолдау департаментінің директоры қызметінен босату туралы хат жолданды», – деп жазды ол.