weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркияда локдаун енгізіледі

Түркияда локдаун енгізіледі

Түркияда локдаун енгізіледі
ашық дереккөзі
 width= Түркияда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 29 сәуірден бастап 17 мамыр аралығында толық локдаун енгізілді. Бұл туралы 26 сәуір күні ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Біз 29 сәуір, бейсенбі сағат 19:00-ден бастап 17 мамыр, дүйсенбі сағат 05:00-ке дейін толық жабыламыз», деді Ердоған.
Жаңа эпидемиологиялық іс-шараларға сәйкес тұрғындар рұқсат алғаннан кейін ғана қалааралық қатынастар жасай алады. Ал қалааралық транспорттар 50%-тік жүктемемен жұмыс істейді. Сондай-ақ сауда желілері жексенбі күні жабық болады. Мемлекет басшысы жағдайды қысқа мерзімде бақылауға алу үшін халықты ережелерді қатаң сақтауға шақырды.