Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ерке Есмахан «панда» бейнесіндегі жігітін танымай қалды

Ерке Есмахан "панда" бейнесіндегі жігітін танымай қалды

Ерке Есмахан «панда» бейнесіндегі жігітін танымай қалды
ашық дереккөзі
 width= Ninety One  тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев "Маска" шоуында әнші  Ерке Есмаханмен кездесіп жүргенін растады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 91 тобының бұрынғы мүшесі еш жасқанбастан Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, оны "қабырғам" деп атады. Азамат Зенкаев бағдарламаның қатысушысы болды. Ерке Есмахан әділқазы алқасында отырды. Алайда панда маскасының ішінде оның ғашығы болғанын бірден таба алмады.
Егер қасымда жүрген Ерке Есмахан мені танымаса, басқалар мүлде танымайды ғой. Осында келген себебім, қабырғама бір-екі ауыз сөзім бар еді. Ерке, қазір сағат 10:30 болды. Сағат 11-де үйде бол", - деді Азамат.
Ерке Есмахан өзінің Азаматты не себепті танымай қалғанын айтып ақталды.
"Азамат ең керемет, ең талантты, ең әдемі әнші. Менің сені танымай қалғаным үшін ренжімеші. Сені "Дос-Мұқасанның" әнін айтады деп ойламадым", - деп ақталды Ерке.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату