Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

ашық дереккөзі

 width= Ресейлік Forbes «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік» жыл сайынғы рейтингіне үміткерлер тізімін ұсынды. Тізімге ТМД-да бірінші болып «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) кірді. Ол «Музыка» санатында Слава Марлоу, Клава Кока, Хаски, LOVANDA, Cream Soda, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Дорамен бірге ұсынылған. Қазақстандық Иманбек Зейкеновке сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болады. Forbes рейтингіне 30 жасында кәсіби қоғамдастықта беделге ие болған және бүкілресейлік немесе тіпті жаһандық деңгейде танымал болған адамдар кіреді.

Жүктелуде...