Фонограмма туралы заң өнерді ғана емес, қоғамды да тазартады – Арыстанбек Мұхамедиұлы

Фонограмма туралы заң өнерді ғана емес, қоғамды да тазартады – Арыстанбек Мұхамедиұлы

ашық дереккөзі

 width= Бұрынғы Мәдениет және спор министрі, ҚР Ұлттық музейінің директоры елімізде қабылданған фонограмма туралы заңға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 

Фонограмма туралы заң қазір бекітілді. Оған бастамашы болған мен. Заңның қалай жұмыс істейтіні нормативтік актілерде нақты көрсетіледі. Біз осы заң арқылы фонограмманы толық тоқтатуымыз қажет. Тек телевизиялық жобаларға ғана «плюске» рұқсат беруге болады. Себебі түсірілім алаңының жағдайы шығарманы таза орындап шығуға мүмкіндік бермеуі мүмкін. Ал үлкен сахнада мүлдем болмауы керек. Фонограммаға шектеу эстрадаға ғана емес, өнердің бүкіл саласына қатысты болуы тиіс», - дейді ол. 
Экс-министр фонограмма орындағаны үшін әртістерді қатаң жазалау қажет деген пікірге де өз ойын білдірді. 
Әртістерді емес, концертті ұйымдастырушыларды жазалау керек. Сол кезде олар өздері үшін әртістерге таза орындау туралы талап қояды. Әншілер де сонда еңбектеніп, күн сауын дауыстарына жаттығу жасайды, өз-өзіне қарайды, залға бір сағат бұрын келіп дайындалады. Бұрынғыдай жылдам-жылдам келіп, киім ауыстырып сахнаға жүгіріп шыға салу деген болмайды»,- деп айтты Мұхамедиұлы. 
Оның сөзінше тойдағы фонограммаға ешкім шектеу қоя алмайды. Себебі қуанышына әншіні шақыру-шақырмау мәселесін той иелері өздері шешеді. 
Өнерге тазалық, шынайылық керек. Сонда ғана оның келешегі болады. Фонограмма деген бір-бірімізді алдау. Оған көз жұмып қарап отыруға беруге болмайды. Фонограмманы шектеу тек эстраданың ғана емес, бүкіл қоғамның өзгеруіне, тазаруына әсерін тигізері сөзсіз», - деді ол.
Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ әншілерінің көбінің вокалдық қабілеті концерттерді толық таза дауыспен өткізуге жететініне сенеді. Еске салсақ, 2020 жылдың аяғында Парламент Сенаты әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын мақұлдап, желтоқсанда Президент қол қойған. Оның ішіндегі маңызды норманың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы көрерменді хабардар ету. Фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнамалық өнімде және касса жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарландыру беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тартуды таңдауына мүмкіндік береді әрі билеттің құнына да әсер етеді. Заң бойынша, өнер адамдары сахнада ерсі әрекеттер жасағаны үшін жазаланады. https://youtu.be/f2oyTumdi0k

Жүктелуде...