
2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.
1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.
2007-2013 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерінде болды.
2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кейіннен кеңесшісі қызметін атқарған.
2017-2020 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.
2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.