Алексей Цой тікелей эфирде QazCovid-In вакцинасын салдырады

Алексей Цой тікелей эфирде QazCovid-In вакцинасын салдырады

ашық дереккөзі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тікелей эфирде коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-In вакцинасын салдырады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QAZVAC вакцинасымен екпе алады. Қазақстандық денсаулық сақтау министрлігі басшысының вакцинациялау рәсімін  26 сәуірде сағат 08:45 - те "Хабар24" телеарнасының тікелей эфирінде және ведомствоның Facebook-тегі ресми аккаунты арқылы көруге болады", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Жүктелуде...