«Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 412 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 42 адам, 10 пайызы — республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар. Ең көп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын бұрынғыдай әкімдіктердің қызметшілері, полиция және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасайды.
Өйткені мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі әкімдіктер мен ішкі істер органдарында істейді. Сыбайлас жемқорлықты көп жасайтындар ішінде кедендік бақылау органдарынан — 85 адам, білім беру саласынан — 32, денсаулық сақтау және құрылыс саласынан — 27 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деп қорытты сөзін департамент басшысы.
Еске салсақ, жемқорлық үшін сотталғандарды жұмысқа алғандар да жазаланатынын хабарлаған едік. Айыппұл көлемі 300 мың теңгеге дейін барады. Бұл мемлекеттік орган немесе ұлттық компанияларға қатысты.