weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда мас күйінде сүйіктісін өлтірген жігіт сотталды

Алматыда мас күйінде сүйіктісін өлтірген жігіт сотталды

Алматыда мас күйінде сүйіктісін өлтірген жігіт сотталды
ашық дереккөзі
 width= Алматыда мас күйінде сүйіктісін аяусыз өлтірген 30 жастағы ер азамат 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Полиция мәліметінше, оқиға Алматыда 2017 жылдың соңында орын алған: 30 жастағы Альберт Хасиев 42 жастағы әйелді өлтірген. Ер адамның қатыгез қылмысты есірткіге масаң күйінде істегені анықталды.
Кісі өлтіру оқиғасы Хасиев атты азаматтың өзінің сүйіктісімен қарым-қатынасын анықтауға тырысқан Баум тоғайы аумағында болды. Шешуші аргумент ретінде қаскөй доғал затты қолданып, онымен әйелдің басынан ұрған. Содан кейін күдікті оны пышақттап тастаған. Ер адам қылмыстың іздерін мұқият жасыруға тырысқанына қарамастан, оның қылмыстық әрекеті анықталып, күдікті қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Сотталушы 10 жыл 6 айға түрмеге қамалды, жазасын қатаң қауіпсіздік жағдайында өтейді.