Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстан Өзбекстанға нота жібермек

Қазақстан Өзбекстанға нота жібермек

Қазақстан Өзбекстанға нота жібермек
ашық дереккөзі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов Қазақстан Түркістан облысындағы су басу жағдайы үшін Өзбекстан билігіне нота жібермек, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Adym сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстан ресми хатта Өзбекстаннан апат шығындарын өтеуді талап етпек.
Хатта облыс көлемінде су басу апатынан келген шығындар толық есептеліп жіберілмек. Сонымен қатар, Қазақстан Сардоба су қоймасының қайта қалпына келтірілуіне қарсы екенін жеткізеді. Өйткені, бұл су қоймасы Нұр-Сұлтанмен келіспей жасалған. Ал мұндай әрекет БҰҰ-ның трансшекаралық су қоймалары жөніндегі халықаралық конвенциясына томпақ келеді. «Бүгін біз, СІМ, өзбекстандық тараптың Сыртқы істер министрлігіне нота дайындаймыз. Өтемақы талап етуіміз мүмкін. Біздің сұрайтынымыз – су қоймасының қайта қалпына келтірілмеуі. Қалпына келтірген жағдайда көлемін азайту керек. Қайталап айтамын, бұл нысан біздің келісімнен тысқары салынған. Бүгін барлық ақпарат жиынтығын қамтитын хат жіберіледі», — деді Громов. Вице-министрдің айтуынша, өзбекстандық тарап бөгет апатты жағдайда тұрған кезде де Қазақстан аумағына бір тамшы су тамбайтынын айтып уәде еткен. Қазір бірнеше ауылды су басып, тұрғындарды эвакуациялау қажеттігі туды. Есеп бойынша, бөгеттен 500 млн куб метр су кеткен.