Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін қызметінен кеткен Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев мемлекеттік қызметке оралып, Сауда министрлігі департаментінде басшылық қызметке тағайындалды. Қуат Тұмабаев 2018 жылы Риддерде болған жантүршігерлік жол апатынан кейін Өскемен қаласы әкімі қызметінен кеткен еді. Жол апатынан 18 жастағы Евгений Смольников қаза болды. Тұмабаев BMW X5 автокөлігінің ер адамды қағып кеткеніне қатысты қылмыстық істе куәгер болған. Алайда, кейін сол көлік тізгінінде Риддер әкімінің мас орынбасары Бауыржан Құрманбаев, жанында Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев отырғаны анықталған.