Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Экс- министр Біртановтың адам танымастай өзгеріп кеткен суреті жарияланды

Экс- министр Біртановтың адам танымастай өзгеріп кеткен суреті жарияланды

Экс- министр Біртановтың адам танымастай өзгеріп кеткен суреті жарияланды
ашық дереккөзі
 width= Біртанов ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде оны қолдау акциялары өтті. Қолданушылар биліктен оны босатуды сұраған. Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты экс-шенеуніктің денсаулығының нашарлағаны жайлы айтқан болатын. Біртанов сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген айыппен бес айға жуық үйде қамауда отыр. Бүгін әлеуметтік желіге Елжан Біртанов адам танымастай болып өзгеріп кеткен суреті жарияланды. Былтыр қарашада Біртановтың «ірі көлемде қаржы жымқыру» күдігі бойынша ұсталғаны белгілі болған. Сол кезде бірқатар жергілікті БАҚ экс-министрдің цифрландыруға бөлінген 526 миллион теңге көлемінде (1,2 миллион доллар) қаражатты «иемденді» деп айыпталғанын жазды. Біртанов ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде оны қолдау акциялары өтті. Қолданушылар биліктен оны босатуды сұраған. Бұған дейін адвокаты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, экс-министрдің «заңсыз қудалануын» бақылауына алуды өтінген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату