Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.
Портал мәліметінше, одан бөлек, ауыл маңында тағы екі карьер орналасқан. Оның бірі Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысының әкімі болған кезінде жабылған. Екіншісі қараусыз қалған.
"Жер бөлінерден бұрын құзырлы органдар оны зерттеп, жан-жақты тексеріс жүргізді", - дейді әкім.