
«Қазгидромет» РМК сәрсенбі, яғни 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, қатты дауыл күтіледі, желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай болғанда жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.