Нәжістің иісіне уланып отырмыз!

Нәжістің иісіне уланып отырмыз!

ашық дереккөзі

 width= «Нәжістің үстінде отырмыз.» Шымкентте жалдамалы пәтерлі болған тұрғындардан бес жылдан бері маза қашқан. Жылдап күтіп қолдары әрең жеткен баспаналарының сыйқына көңілдері мүлдем толмайды. Қыс бойына үйлерінің төбесінен су өтсе, енді міне күн жылығанда нәжістің сасық исіне көнуге тура келіп тұр. Ал, ашынған жұрт жауаптылардың есігін қаққанымен, ешқандай көмек жоқ дейді. Тек, құрғақ уәдеге тойып шығамыз дегенді жасырмайды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. "Нұрсәт" шағын ауданындағы 53-ші үйдің тұрғындары бес жылдан бері баспаналарының бітпейтін мәселесінен мезі болған. Дәл осылай жертөлелері нәжістің суы тола беретін болса, көп ұзамай үйіміз құлап та қалатын шығар деп ашынады. Мәселелерін айтып бармаған жерлері, баспаған таулары жоқ. Бірақ, ешкімнен қайыр болмапты. Барлық жауаптылар арқаларынан қағып, алдап шығарып сала беретін көрінеді. Жауын-шашын маусымында төбесінен өткен судан пәтерлерінде қолшатыр ұстап жүруге мәжбүрміз дейді. Күн жылыса сасық иіске тұншығып өмір сүруге тура келеді екен. Ал, үйдің сапасына бес жылдық кепілдік берген мердігер мекеме өкілдерін базналарын айтайын десе, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Енді міне, тұрғындар әупірем деп жүріп жертөледегі сасық суды өздері сыртқа шығаруға мәжбүр. Әйтпесе, мұрынды жаратын иістен үйде тұру мүмкін емес болып кетіпті. Ал, Қаратау ауданы әкімдігінің өкілдері тұрғындардың өзін кінәлайды. Себебі, арнайы сервистік компанияның ай сайынғы төлемақсын дер кезінде өтемегіндіктен жәйсыз жағдайға тап болатынын жеткізді. Десе де, ағымдағы жыл жалдамалы үйлерді жөндеуден өткізуге арнайы қаржы қаралады екен. Алайда, дәл осы "Нұрсәт" шағын ауданындағы 53-ші үйдің бұл тізімде бар-жоғы әзірге белгісіз.

 Азамат  ПАРМАНОВ, Қаратау ауданы әкімнің орынбасары Ол жерде канализацияның насосы орналасқан. Ол мынау қалалық водоканал мекемесінің балансындағы мәселе. Яғни, ол жерде свет өшкен кезде насос өшеді. Егер насос үздіксіз жұмыс істеп тұратын болса, ол жерде ешқандай мәселе болмайды. Біз оны водоканал мекемесіне ұсыныс ретінде айтып жатырмыз. Яғни, насосты үздіксіз істету бойынша. Қазір енді қарастырып жатыр".
Ал, күн жылыса таза ауаны мүлдем ұмытатын тұрғындар мәселе жуық арада шешілмейтін болса, сотқа дейін баруға дайынбыз дейді мемлекеттік үйдің шарапатынан көре алмай жүргендер. https://youtu.be/uDDNx_O2Krc

Жүктелуде...