
Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Ал оған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
Маратбек Мықтыбеков – тәжірибелі спорт менеджері. Бұған дейін ол дзюдо федерациясының вице-президенті, сонымен қатар Алматыда бокс федерациясының директоры, Азия бок конфедерациясының кеңесшісі қызметін атқарды.
Сонымен қатар Мықтыбековтің спорт саласындағы жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда ол юниорлар арасында самбодан әлем чемпионы болған, сондай-ақ дзюдо бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.