Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қызылордада қолдан жасалған құрттың ішінен есірткі табылған

Қызылордада қолдан жасалған құрттың ішінен есірткі табылған

Қызылордада қолдан жасалған құрттың ішінен есірткі табылған
ашық дереккөзі
 width= Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден, қолдан жасалған құрт ішінен есірткі шықты. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тәркіленді.
Мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде ол салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату