weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық фильм Германия кинофестивалінің тұсауын кеседі

Қазақстандық фильм Германия кинофестивалінің тұсауын кеседі

Қазақстандық фильм Германия кинофестивалінің тұсауын кеседі
ашық дереккөзі
 width= 20-26 сәуір аралығында режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы Висбаденде онлайн түрде өтетін Орталық және Шығыс Еуропаның 21-ші goEast кинофестивалін ашады. Фильмді Zerde Films (Қазақстан) компаниясы мен Short Brothers (Қазақстан), «Қазақфильм» және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен түсірді. Туынды бұрынғы қылмыстық өмірді біржола артқа тастап, таулы мекенде кинотеатр ашуды армандайтын Кермек есімді жігіттің оқиғасын баяндайды. Айта кетейік, фестиваль аясында Әділхан Ержановтың тағы екі картинасы – «Бақытжамал» қысқаметражды таспасы (2007) және конкурстық бағдарламада ұсынылған «Ұлболсын» көркем фильмі (2020) көрсетіледі. Биыл фестивальге барлығы 92 жоба қатысады.