Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 сәуір, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматыда кинотеатрлар қайтадан ашылды

Алматыда кинотеатрлар қайтадан ашылды

Алматыда кинотеатрлар қайтадан ашылды
ашық дереккөзі
 width= Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов шаһарда кинотеатрлар бүгіннен, яғни 17 сәуірден бастап қайта ашылатынын мәлімдеді. Департамент басшысының айтуынша, «қызыл» аймақ жағдайында кинотеатрларға келушілердің QR-коды билет кассасы аймағына кіреберісте сканерленеді.
«Қызыл» немесе «сары» статус анықталған жағдайда алдын ала сатып алынған билет қайтарылады. «Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR-кодты сканерлеуден босатылады, яғни олардың белгісі «жасыл» болады. Кейінірек балалар арасында коронавирус деректерін ескере отырып жас ерекшелігін қайта қарастырамыз», – деді Сәдуақас Байғабылов.
Айта кетерлігі, «Ashyg» жобасы бойынша 15 сәуір күні коронавирус жұқтырған 24 алматылық фитнес, бассейн, боулинг және компьютерлік клубтарға кіргізілмеген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату