Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы қандай?

Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы қандай?

ашық дереккөзі

 width= Қазгидромет 15 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Әлі де, республиканың басым бөлігіне антициклон жотасы ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады. Тек республикамыздың оңтүстік және оңтүстік батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел шаңды дауыл соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Алматы облысының Алакөл өзенінің аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.  

Жүктелуде...